Pro Ligasy тұрақты чемпионатының үздік ойыншылары. 3-ші бөлім

23 naýryz
1119

Назарларыңызға өткен тұрақты чемпионаттың ерекше көзге түскен ойыншыларын ұсынамыз.

Үздік шабуылшылар

Вадим Бердников («Арлан»)

Кезекті маусымын лайықты өткізді. Әдеттегідей Вадим «Арланның» шабуылдағы басты қозғаушы күші болып табылады. Бердников тұрақты чемпионатта 47 (13+34) балл жинап, пайдалылық көрсеткіші (+12) құрады. Бұл ретте шабуылшы өз командасының ең көп соққы жасайтын ойыншысы болып отыр, ойыншы қарсыластың қақпасына 111 соққы жасаған.

Кирилл Старцев («Бейбарыс»)

Тұрақты чемпионаттың екінші жартысында ашылып, өз командасының үздік бомбардирі атанды және лиганың ең нәтижелі ойыншыларының үштігіне кірді. Кирилл өз қоржынына 48 (18+30) ұпай салып, пайдалылық көрсеткіші (+18) болды. Оның қоржынында қарсыластың қақпасына бағытталған 145 соққы бар, үш шайбаны көпшілік құраммен және біреуін аз құраммен салды. Сондай-ақ шабуылшы чемпионатта 48 матчқа атсалысқанын атап өту керек.

Дмитрий Михайлов («Сарыарқа»)

Тұрақты чемпионатта 50 (21+29) балл жинаған жалғыз ойыншы. Старцев сияқты Михайлов та «біркелкі» біріншіліктің соңына қарай ашылды. Дмитрий пайдалылық көрсеткіші (+19) бойынша командасында екінші орында. Қарсыластың қақпасына 155 соққы бағыттаған. Оның бес шайбасы артық ойыншыны ойнату нәтижесінде салынды.