Арланның жартылай финалға өтуіне бір қадам қалды. Плей-оффтың алтыншы күніне шолу

21 naýryz
1278

"Арлан" тартысты жекпе-жекте «Бейбарыстан» жеңісті жұлып әкетіп, серияда көш бастады.

Командалар матчтың ең басында гол алмасты. Әрі қарай нәтижелі іс-қимылдар матчтың ең соңында ғана жасалды. Ойын овертаймға ауыса берген кезінде көкшетаулықтар ойынды өз пайдасына шешті. Соңғы шайбаны Владимир Маркелов салды.

"Арлан" – "Бейбарыс" 3:2 (1:1, 0:0, 2:1)

Сериядағы есеп: 3-2

0:1 Кожевников (Ананичев Ал.) 04:24

1:1 Шитиков (Колесников, Бердников В.) 06:15

1:2 Боровков (Ананичев, Зинченко) 47:41

2:2 Евграфов (Ермолаев, Лакиза) 51:16

3:2 Маркелов (Шитиков, Бердников В.)

Қақпашылар: Демидов – Белоконский