ҚХФ баспасөз қызметі тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша маусымды аяқтаған командалардың ойынын қорытындылады.
«Алтай Торпедо» - тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 11-ші орын
Жас өскемендік ұжым маусымның көп бөлігі плей-оффтан үмітті болды. Алайда маусымның соңына Досжан Есіркеновтің ойыншылары төтеп бере алмады. Жаңа жылдан кейін «Алтай Торпедо» 18 кездесудің алтауында жеңіске жетті. Кейбір көшбасшылары «Торпедоға» ауысқаннан кейін медаль үшін Өскеменнен бір ғана команда күресетіні белгілі болды.
Жалпы алғанда, «Алтай Торпедо» 16 жекпе-жекте жеңіске жетіп, тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 500 балл жинады. Плей-офф аймағынан оны 18 ұпай бөліп тұр. Бұл ретте команда кубоктық сегіздік өкілдеріне ғана жол беріп, нәтижелілік бойынша тоғызыншы орын алды. Алайда өткізілген шайбалар бойынша Есіркеновтің командасы маусымды нашар үштік құрамында аяқтады (171 шайба өткізді).
Өскемендіктердің үздік бомбардирі және ассистенті шабуылшы Андрей Караваев болды, қоржынында 24 (7+17) ұпай бар. Қарсыластың қақпашысын 12 рет састырған Ян Хоменко өз командасының үздік сұр мергені.
- Команданың әлеуеті байқалды, алайда жеңіске жеткен матчтарда жігіттер жанын салып ойнады, - дейді «Алтай Торпедо» бас бапкерінің міндетін атқарушы Досжан Есіркенов. – Мұндай деңгейді жастарға ұстап тұру өте қиын. Әрине, біз олардан әрбір матчта бар мүмкіндікті салуды талап етеміз, алайда физикалық тұрғыдан да, эмоционалдық тұрғыдан да бар қуатты сарпығанда, күш жетпей қалады. Жалпы алғанда, жас хоккейшілерді бірінші командаға дайындау тұрғысынан оң бағалауға болады. Иә, бұдан да жақсырақ ойнауға болатын еді, алайда бірқатар себептермен бұл мүмкін болмады.