Плей-оффтың төртінші күніне шолу

18 naýryz
1387

«Номад» «Теміртауды» овертаймда жеңіп, жартылай финалға шықты. «Торпедо» мен «Алматыға» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды. «Сарыарқа» «Құлагермен» төртінші матчты жеңіп, басты жүлде үшін күресті келесі кезеңде жалғастырады. «Арлан» «Бейбарыстан» басым түсіп, сериядағы есепті теңестірді.

«Теміртау» және «Номад» командалары ширек финалдың қорытынды матчында бірігіп, тоғыз шайба салды. Роман Козловтың ойыншылары екі рет есеп теңестірді. Овертаймның басында Алексей Зубов шешуші шайбаны салып, ширек финалдағы «Номад» пен «Теміртаудың» қақтығысына нүкте қойды.

«Теміртау» - «Номад» 4:5 ОТ (0:1, 2:2, 2:1, 0:1)

Сериядағы есеп: 0-4

0:1 – 05:56 – Шестаков (Петухов) ГМ

0:2 – 21:28 – Королев (Муратов)

1:2 – 34:48 – Королинский (Демин, Пальмтаг)

2:2 – 37:01 – Кошелев (Галыгин, Пальмтаг)

2:3 – 39:52 – Шестаков

2:4 – 45:48 – Орехов (Шестаков, Крамарь)

3:4 – 56:11 – Кулиев (Щекин, Летов) ГБ

4:4 – 58:31 – Колесников (Щекин, Кулиев)

4:5 – 63:29 – Зубов 63:29

Қақпашылар: Еремеев (ПВ, 55:14-56:11, 57:01-58:31) – Крамарь

Тартысты кездесуде «Торпедо» «Алматыны» жеңді. Бірінші кезең голсыз өтті. Матчтың екінші және үшінші кезеңдерінде командалар бір-бірінің қақпасына бір-бір шайбадан салды. Матчтың негізгі уақытында командалар тең түсті. Қосымша кезеңде Дмитрий Стуловтың дөп салған соққысы Олег Болякиннің ойыншыларына үшінші жеңісті сыйлады.

«Торпедо» – «Алматы» 2:1 ОТ (0:0, 1:0, 0:1, 1:0)

Сериядағы есеп: 3-0

1:0 – 21:28 – Кузнецов (Сироткин, Виноградов) ГБ

1:1 – 46:47 – Бельгибаев (Бурделев)

2:1 – 65:42 – Стулов 65:42

Қақпашылар: Сидоров – Грязнов

«Құлагер» матчта есеп ашқанымен, үстемдігін сақтап қала алмады. Қарағандылықтар бірінші кезеңді нәтижелі өткізіп, Андрей Янковтың қақпасына үш шайба аттандырды. Екінші және үшінші кезеңде қарсыластар қақпасына бір-бірден шайба салынды. Шабуылшы Сергей Голоднюк «Сарыарқа» құрамында дубльдің авторы атанды. «Құлагер» маусымды аяқтап, «сары-қаралар» шағын үзіліске кетіп, жартылай финалдағы қарсыласын күтеді.

«Сарыарқа» – «Құлагер» 4:2 (3:1, 1:0, 0:1)

Сериядағы есеп: 4-0

0:1 – 05:17 – Логинов (Вишняков, Первухин)

1:1 – 15:29 – Голоднюк (Михайлов, Борисевич) ГБ

2:1 – 16:59 – Голоднюк (Борисевич, Сиксна)

3:1 – 18:42 – Рахманов (Аноховский, Грымзин)

4:1 – 23:09 – Михайлов (Рахманов, Горбачев)

4:2 – 40:51 – Хорошев (Попитич, Первухин)

Қақпашылар: Бояркин – Янков.

«Арлан» овертаймда «Бейбарыстан» жеңісті жұлып әкетті. Бүкіл матч бойы көкшетаулықтар қуып жетумен болды, алайда соңғы кезеңде дөп түсті. Командалар Көкшетауға сериядағы есептері тең түскен күйде оралады.

«Бейбарыс» – «Арлан» 3:4 ОТ (1:1, 1:1, 1:1, 0:1)

Сериядағы есеп: 2-2

1:0 – 15:37 – Боровков

1:1 – 17:11 – Егоров (Ханьжин, Бердников Р.)

2:1 – 28:56 – Курепанов (Старцев, Воробьев)

2:2 – 29: 31 – Бердников В. (Бердников Р.) ГБ

3:2 – 46:02 – Петров

3:3 – 56:17 – Шитиков (Бердников В., Маркелов)

3:4 – 64:16 – Шитиков (Лакиза, Бердников В.) ГБ

Қақпашылар: Иванов - Румянцев


ВКонтакте, Инстаграм, Телеграм < Присоединяйтесь и следите за новостями Pro Ligasy на удобных для себя платформах.