Маусымның қорытындысы. Ертіс

18 naýryz
1351

ҚХФ баспасөз қызметі тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша өз маусымын аяқтаған командалардың ойынын қорытындылады.

«Ертіс» - тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 12-ші орын.

Қазақстандық ең атақты клубтардың бірі ұзақ уақыт ішінде алғаш рет плей-оффқа шықпастан, маусымды бірқатар себептер бойынша турнирлік кестеде өзіне тән емес соңғы орында аяқтады. Бұл маусым павлодарлықтар үшін оңай болған жоқ. Бас бапкер ауысып, құрам айтарлықтай жаңарды.

Тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша команда он рет жеңіске жетіп, 31 блл жинады. Бұл ретте «Ертіс» барлығы 79 нәтижелі шабуыл жасады, бұл соңынан санағанда, салынған шайба саны бойынша екінші нәтиже.

Павлодарлықтардың үздік сұрмергені Никита Самойлов болды. Шабуылшының қоржынында 17 (6+11) балл бар. Жергілікті мектептің өкілі Юсуп Асуханов өзін жақсы көрсетті. 11 шайба салып, өз командасының үздік сұрмергені болды.

- Бұл маусым біз үшін өзгеше болды, - деді «Ертістің» бас бапкері Владимир Клинга. – Мен біздің командада қалып, маусым соңына дейін ойнаған, тәжірибе жинақтаған жігіттерге алғыс айтамын. Олар жастар хоккейі мен ересектер деңгейінің айырмашылығы үлкен екенін түсінді. Олардың ұмтылысы үшін рақмет айтамын, олар барлық ойында тырысып, барын салды. Қазіргі таңда біздің деңгейі – осы. Келесі маусымда «Ертіс» бұрынғы желісіне қайта түседі деп үміттенемін.