Плей-оффтың үшінші күніне шолу

17 naýryz
1366

«Номадтың» жартылай финалға шығуына бір қадам қалды. «Сарыарқа» «Құлагерді» плей-оффтан ұшырып жібере жаздады. «Бейбарыс» «Арланмен» серияда алға шықты.

«Көшпенділер» «Теміртаумен» матчтың бірінші кезеңінде-ақ есеп бойынша алға шықты. Алайда кездесудің соңында алаң иелері ойынға оралып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Дегенмен, «Номад» өз дегенінде тұрып, сериядағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

«Теміртау» - «Номад» 2:3 (0:2, 0:1, 2:0)

Сериядағы есеп: 0-3

0:1 – 11:23 – Шестаков (Панюков, Данияр)

0:2 – 11:46 – Пелевин (Муратов)

0:3 – 38:37 – Петухов (Шестаков, Панюков)

1:3 – 41:25 – Жилов (Москалев) ГМ

2:3 – 58:12 – Кожевников (Королинский)

Қақпашылар: Селивёрстов (Еремеев, 40:00-60:00) – Крамарь

«Сарыарқа» «Құлагермен» үшінші матчтың соңғы минуттарында жеңісті жұлып әкетті. Петропавлдықтар плей-оффтан ұшып кете жаздады.

«Сарыарқа» – «Құлагер» 3:1 (0:0, 1:0, 2:1)

Сериядағы есеп: 3-0

1:0 – 29:47 – Аноховский (Рахманов)

1:1 – 44:40 – Ильин (Крашенинин, Нуриев)

2:1 – 58:00 – Аноховский (Рахманов, Грымзин)

3:1 – 59:58 – Борисевич ПВ

Қақпашылар: Бояркин – Нечвиенко

Тартысты ойында «Бейбарыс» «Арланнан» басым түсті. Жеңісті шайба бұл кездесуде бірінші бөлікте-ақ салынып қойды. «Арлан» қанша тырысқанымен, ойынды овертаймға айналдыра алмады. Атыраулықтар өз алаңындағы үстемдікті қайтарып алды.

«Бейбарыс» – «Арлан» 2:1 (1:1, 1:0, 0:0)

Сериядағы есеп: 2-1

0:1 – 12:40 – Лакиза (Бердников Р., Жиляков)

1:1 – 19:48 – Клепко (Рыжий)

2:1 – 26:57 – Гарифуллин (Васильев)

Қақпашылар: Иванов – Румянцев