«Торпедо» плей-оффты «Алматыға» қарсы ойындағы жеңісімен бастады. «Сарыарқа» түзде «Құлагерді» сенімді түрде жеңіп кетті. «Бейбарыс» «Арланмен» матчтың соңында жеңісті жұлып әкетті. «Номад» пен «Теміртауға» жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды.
Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы плей-оффты «Алматыға» қарсы ойындағы сенімді жеңісімен бастады. «Торпедолықтар» екінші кезеңді үлкен екпінмен өткізіп, серияда төрт шайба алға кетті.
«Алматы» – «Торпедо» 2:6 (1:1, 1:3, 0:2)
Сериядағы есеп: 0-1
0:1 - 07:21 - Архипов (Ершов В., Угольников)
1:1 - 15:38 - Баженов (Наместников) ГБ
1:2 - 20:32 - Кузнецов (Сироткин, Гренц)
1:3 - 23:16 - Стулов (Шин)
2:3 - 33:42 - Киселёв (Моренец, Бельгибаев)
2:4 - 37:43 - Петросян (Стулов, Угольников)
2:5 - 43:04 - Савицкий (Михайлов, Кучин)
2:6 - 59:35 - Белохонов (Кузнецов, Дзедаев)
Қақпашылар: Грязнов - Сидоров
«Бейбарыс» «Арланмен» матчта жеңісті жұлып әкетті. Атыраулықтар екі рет көпшілік құрам ұйымдастырды. Артём Аргоковтың командасынан алғашқы шайбаны Иван Зинченко салып, жеңіс әкелген соққыны Александр Ананичев жасады. Матчтың соңында алаң иелері қақпашыны алып тастап, қарсы қақпаға шабуыл жасауға тырысты, алайда бұл ойлағандай нәтиже берген жоқ.
«Арлан» – «Бейбарыс» 1:2 (1:0, 0:1, 0:1)
Сериядағы есеп: 0-1
1:0 – 18:25 – Бердников В. (Колесников, Шитиков) ГБ
1:1 – 36:27 – Зинченко (Григоркевич, Ананичев Ар.) ГБ
1:2 – 58:43 – Ананичев Ал. (Боровков, Дыньков) ГБ
Қақпашылар: Румянцев – Иванов
«Сарыарқа» «Құлагермен» серияны құрғақ жеңіспен ашты. Жеңімпаздар құрамынан хет-трикті Вадим Зеленков жасады. Кездесудің тағы бір қаһарманы алаңнан шайба өткізбестен кеткен голкипер Никита Бояркин болды.
«Құлагер» – «Сарыарқа» 0:4 (0:2, 0:2, 0:0)
Сериядағы есеп: 0-1
0:1 – 00:16 – Зеленков (Сиксна, Никулин)
0:2 – 14:20 – Беляев (Воробьев, Рахманов)
0:3 – 21:07 – Зеленков (Михайлов, Сиксна) ГБ
0:4 – 38:25 – Зеленков ГМ
Қақпашылар: Янков – Бояркин
«Номад» пен «Теміртау» арасындағы алғашқы матч айтарлықтай тартысты өтіп, негізгі уақыттан тыс аяқталды. Овертаймда «көшпенділер» қарсы шабуыл ұйымдастырып, Артур Гатиятов алаң иелерін бұл серияда алға шығарды.
«Номад» - «Теміртау» 3:2 ОТ (0:1, 2:0, 0:1, 1:0)
Сериядағы есеп: 1-0
1:1 – 26:20 – Яковлев (Пелевин, Гатиятов) ГБ
2:1 – 39:31 – Шестаков (Александров, Орехов)
2:2 – 49:51 – Цуриков (Лызин, Щёкин)
3:2 – 67:40 – Гатиятов (Пелевин, Муратов)
Қақпашылар: Крамарь – Еремеев