Теміртау - Номад. Плей-офф алдында

12 naýryz
1290

13 наурыз күні Қазақстанның төрт қаласында Pro Ligasy-ның плей-офф ойындары өтеді. ҚХФ баспасөз қызметі жанкүйерлерді алтын медаль үшін өзара таласатын ширек финалдық жұптармен таныстырады.

«Теміртау» (4) – «Номад» Нұр-Сұлтан (5)

Жеңіс/ұпай: 31/93 – 32/92

Салынған шайба: 142 – 164

Өткізілген шайба: 118 – 97

Жекпе-жектер: 3:4, 1:2 ОТ, 3:2, 4:3

Үздік бомбардир: Владислав Кулиев (40 ұпай, 18+22) – Алексей Зубов (42 балл, 12+30)

Жекпе-жектің үздік бомбардирі: Денис Михнин (5 ұпай, 2+3) – Алексей Зубов (5 ұпай, 1+4)

«Теміртау» мен «Номад» арасындағы маусымның барлық жекпе-жектері бір шайба айырмасымен аяқталған.

Қос команда да чемпионаттың көп бөлігінде үздіктер үштігіне болды, алайда соңына қарай есе жіберді.

«Номад» тұрақты чемпионатта бес кездесуді овертаймда жеңді. Бұл – лиганың барлық ұжымдары арасындағы үздік көрсеткіш.