Сарыарқа – Құлагер. Плей-офф алдында

12 naýryz
1216

13 наурыз күні Қазақстанның төрт қаласында Pro Ligasy-ның плей-офф ойындары өтеді. ҚХФ баспасөз қызметі жанкүйерлерді алтын медаль үшін өзара таласатын ширек финалдық жұптармен таныстырады.

«Сарыарқа» Қарағанды (2) – «Құлагер» Петропавл (7)

Жеңіс/ұпай: 34/100 – 27/79

Салынған шайба: 167 – 130

Өткізілген шайба: 87 – 102

Жекпе-жектер: 1:0, 2:3 Б, 4:3 Б, 4:3

Үздік бомбардир: Дмитрий Михайлов (50 ұпай, 21+29) – Денис Стасюк (35 ұпай, 17+18)

Жекпе-жектің үздік бомбардирі: Александр Борисевич (5 ұпай, 2+3) – Фёдор Хорошев (6 ұпай, 3+3)

«Сарыарқа» ProLigasy-ның ең нәтижелі командаларының үштігіне кіреді.

Қос ұжым да плей-оффқа үш матчтық жеңіс сериясымен келіп отыр.

«Сарыарқа» мен «Құлагер» тұрақты чемпионатта төрт буллиттық сериядан ойнады, бұл – лиганың барлық командалары арасындағы ең үздік көрсеткіш.