Плей-офф алдындағы құрамдардағы өзгерістер

11 naýryz
1398

Плей-офф раундының алдында Pro Ligasy-ның кейбір командалары құрамдарында біршама өзгерістер болды. Командалар тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша маусымды аяқтаған ұжымдардан өз құрамына ойыншылар қосу құқығын пайдаланды.

«Ақтөбе» басқа командаларға үш ойыншысын жіберді. Шабуылшы Иван Зинченко алдағы уақытын «Бейбарыста» өткізеді. Қорғаушы Сергей Егоров пен шабуылшы Вадим Митряков «Арланға» көмектесуге тырысады.

«Горняктың» өкілдері Оскар Юлбарисов пен Вячеслав Нечвиенко жеңіс үшін «Құлагер» құрамында күресетін болады. «Горняктың» тағы бір ойыншысы Валерий Садиков «Теміртау», ал Александр Куршук «Сарыарқа» үшін ойнайтын болады. Қарағандылықтар құрамында сондай-ақ плей-оффты «Ертістегі» Артём Игнатенко өткізеді.

Тұрақты чемпионаттың жеңімпазы «Торпедо» «Алтай Торпедодан» Владислав Нурек пен Дмитрий Белохоновты өз құрамына қосып алды.

Алихан Өмірбеков пен Дінмұхамед Қайыржан «Снежные Барсы» командасынан «Номадқа» өтті.