«Номад» тұрақты чемпионатты «Алтай Торпедоға» қарсы ойындағы жеңісімен аяқтады. «Бейбарыс» тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үшінші орынға шықты. «Құлагер» мен «Горнякқа» жеңімпазды анықтау үшін матчтың негізгі уақыты жетпей қалды. «Сарыарқа» «Алматымен» кездесуде ерлік жасады.
«Номад» үшінші кезеңді үлкен екпінмен өткізіп, «Алтай Торпедоның» арынын басты. Өскемендік ұжым тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша 11-ші орын алды. «Көшпенділер» чемпионат медальдары үшін плей-офф раундында тартысты жалғастырады.
«Алтай Торпедо» - «Номад» 0:4 (0:1, 0:0, 0:3)
0:1 – 17:35 – Гатиятов (Королев, Пелевин)
0:2 – 43:08 – Александров (Преснов, Клещенко)
0:3 – 50:35 – Назаренко (Мухаметов)
0:4 – 55:59 – Некряч (Преснов)
Қақпашылар: Осокин – Амирбеков
«Бейбарыс» екінші кезеңді үлкен екпінмен өткізіп, «Ертісті» сенімді түрде жеңді. Кезекті жеңісінің арқасында атыраулықтар тұрақты чемпионатты үшінші орынмен аяқтады.
«Бейбарыс» – «Ертіс» 4:1 (1:1, 3:0, 0:0)
1:0 – 00:40 – Старцев (Воробьев, Ишмаметьев)
1:1 – 06:41 – Билимбаев (Машинец, Шетле) ГБ
2:1 – 23:08 – Севостьянов (Ананичев Ар., Петров)
3:1 – 24:47 – Ишмаметьев (Курепанов) ГБ
4:1 – 28:53 – Курепанов ШБ
5:1 – 36:39 – Расмуссен (Хольм)
Қақпашылар: Иванов – Микушин
«Құлагер» мен «Горняк» жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтады. Бұл тұста тұрақты чемпионатты көтеріңкі күйде аяқтаған петропавлдықтар дөп түсті. «Горняк» болса турнир кестесінде тоғызыншы орын алды, демек жүлде үшін күресті жалғастыра алмайды.
«Құлагер» – «Горняк» – 2:1 Б (1:0, 0:1, 0:0, 0:0 1:0)
1:0 – 12:57 – Логинов (Попитич, Первухин)
1:1 – 33:37 – Власов (Ахметвалиев, Харькин) ГБ
2:1 – 65:00 – Первухин ПБ
Қақпашылар: Янков – Нечвиенко
«Сарыарқа» «Алматымен» матчтың үшінші кезеңі барысында екі шайба артта қалып келе жатқан жерінен есе қайтарып, негізгі уақытта жеңісті жұлып әкетті.
«Сарыарқа» – Алматы 3:2 (0:1, 0:0, 3:1)
0:1 – 19:35 – Наместников (Бельгибаев, Клемешов)
0:2 – 41:19 – Баженов (Моренец)
1:2 – 45:00 – Никулин
2:2 – 48:11 – Беляев ГБ
3:2 – 48:30 – Беляев (Воробьев, Писарев) ГБ
Қақпашылар: Ибрагимов – Полуэктов