10 наурыздағы матчтардың аңдатпасы

10 naýryz
1517

Бүгін хоккейден Қазақстан тұрақты чемпионаты төрт матчпен аяқталады.

(13:00) Өскеменде «Алтай Торпедо» мен «Номад» екінші жекпе-жегін өткізеді.

(14:00) «Бейбарыс» «Ертісті» басып озып, турнир кестесінде үшінші орынға шығуға тырысады.

(19:00) «Сарыарқа» мен «Алматы» тағы да шахтерлер астанасында кездеседі.

(19:00) «Горняк» маусымды «Құлагерге» қарсы түздегі матчпен аяқтайды.

Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.