9 наурыздағы матчтарға шолу

9 naýryz
1480

«Номад» «Алтай Торпедодан» жеңісті жұлып әкетті. «Сарыарқа» минималды есеппен «Алматыны» жеңіп кетті. «Құлагер» «Горняктан» басым түсті. «Бейбарыс» «Ертісті» ойсырата жеңді.

«Номад» «Алтай Торпедомен» түздегі жекпе-жекте жеңіске жетті. Кездесудің шешуші сәті соңғы минуттарда, «көшпенділер» көпшілік құрам ұйымдастырғанда орын алды.

«Алтай Торпедо» - «Номад» 2:3 (1:1, 1:1, 0:1)

0:1 – 04:36 – Преснов (Некряч, Бакушин)

1:1 – 13:55 – Алдабергенов

2:1 – 29:52 – Колобов (Нурек Ал., Джангазинов) ГБ

2:2 – 36:04 – Некряч (Преснов, Зубов) ГБ

2:3 – 56:50 – Королёв (Гатиятов, Муратов) ГБ

Қақпашылар: Нурек Вл. – Крамарь

«Сарыарқа» мен «Алматы» жекпе-жегінің тағдырын екінші кезеңде салынған бір шайба шешті. Кездесудің басты қаһармандары Эдгарс Сиксна мен Никита Бояркин болды.

«Сарыарқа» – «Алматы» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)

1:0 – 27:15 – Сиксна (Михайлов, Горбачёв) ГБ

Қақпашылар: Бояркин – Грязнов

«Құлагер» үшінші кезеңде «Горняктың» арынын басты. Рудныйлықтар соңғы сегіз матчтағы жетінші жеңілісіне ұшырады.

«Құлагер» – «Горняк» 3:1 (1:1, 0:0, 2:0)

1:0 – 01:26 – Власов (Хорошев, Ильин)

1:1 – 10:05 – Харькин (Воронин, Сошников) ГБ

2:1 – 47:39 – Стасюк (Исмагилов)

3:1 – 59:59 – Власов (Хорошев, Попитич) ПВ

Қақпашылар: Янков – Нечвиенко

«Бейбарыс» ешбір қиындықсыз «Ертісті» жеңіп кетті. Денис Курепанов бірінші кезеңді аяқтамастан нағыз хет-трик жасады. Атыраулық ұжым тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік командалардың үштігіне кіруден үмітті.

«Бейбарыс» – «Ертіс» 8:1 (3:0, 3:1, 2:0)

1:0 – 10:53 – Курепанов (Воробьев, Старцев) ГБ

2:0 – 14:12 – Курепанов (Ишмаметьев, Старцев)

3:0 – 18:07 – Курепанов (Ишмаметьев, Старцев)

4:0 – 24:46 – Черкасов (Ананичев Ал., Боровков)

5:0 – 28:16 – Воробьев (Ишмаметьев, Рыжих) ГБ

6:0 – 27:47 – Боровков (Ананичев Ал., Черкасов) ГБ

6:1 – 29:04 – Пак

7:1 – 55:49 – Ананичев Ал. (Болякин, Черкасов) ГБ

8:1 – 56:34 – Закарлюкин (Гевель, Кожевников)

Қақпашылар: Белоконский – Микушин