Хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-оффының бірінші раундында өзара ойнайтын командалардың екінші жұбы анықталды.
«Сарыарқа» тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша екінші орынды мызғымастай иеленіп отыр. Ұпай саны бойынша Леонид Тамбиевтің командасын «Бейбарыс» қуып жетуі мүмкін, алайда жекпе-жектердегі салынған және өткізілген шайбалар айырмашылығына байланысты бәрібір қарағандылық ұжым жоғарырақ тұрады.
¼ финалда «Сарыарқаның» қарсыласы «Құлагер» болды. Петропавлдық ұжым жетінші орыннан жоғарырақ көтерілмейді, алайда сегізінші болып келе жатқан «Алматыны» да жеткізбейді.