7 наурызда Алматыда хоккейден Қазақстан әйелдер чемпионатының бірінші туры басталады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы чемпионатта марапат үшін бес ұжым: «Айсұлу» Алматы, «Томирис» Нұр-Сұлтан, «Торпедо» Өскемен, «Барыс Алматы облысы, «Жұлдыз» Алматы күреседі.
Көрермен тікелей эфирде бірінші турдың үш кездесуін тамашалай алады.
8 наурыз – «Айсұлу» – «Томирис»
9 наурыз – «Томирис» - «Торпедо»
11 наурыз – «Айсұлу» - «Торпедо»