Турдың үздік ойыншысы – Алексей Власкин

21 qazan
1621

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын бастайды.

Өткен ойын күндерінің үздігі ретінде «Арланның» қорғаушысы Алексей Власкин танылды. «Бейбарыспен» өз алаңында өткен екі матчтың нәтижесінде ол нәтижелілігі үшін 4 (1+3) балл жинап, пайдалылық көрсеткіші (+3) болды, қарсыластың қақпасына 9 соққы берді. Жеңген ойында көкшетаулық ұжымның нөмірі 97-ші ойыншысы өз командасының екі маңызды шайбасын салуға қатысты, бірі жеңіс әкелсе, екіншісі алаңдағы жетістікті нығайтты.