5 наурыздағы матчтарға шолу

5 naýryz
1874

«Бейбарыс» «Снежные Барсы» командасын ойсырата жеңді. Ойын күнінің басты жекпе-жегінде «Торпедо» «Номадтан» басым түсті. «Горняк» «Сарыарқаны» жеңіп кетіп, көпшілікті таңғалдырды. «Ертіс» «Алматының» қақпасын ала алмады. «Құлагер» түзде «Ақтөбеден» басым түсті.

«Бейбарыс» «Снежные Барсы» командасына соққыны қарша боратты. Атыраулық ұжым тұрақты чемпионаттың қорытындысы бойынша үздік ұжымдардың төрттігіне енуден үмітті. Денис Курепанов дубль жасады.

«Снежные Барсы» – «Бейбарыс» 1:7 (0:1, 1:1, 0:5)

0:1 - 08:41 - Васильев (Закарлюкин) ГБ

0:2 - 24:24 - Курепанов (Воробьёв, Старцев)

1:2 - 39:58 - Муратов (Войтов)

1:3 - 44:20 - Ананичев Ал. (Болякин, Ананичев Ар.) ГБ +2

1:4 - 48:19 - Петров (Ананичев Ал.)

1:5 - 51:56 - Кожевников (Гарифулин, Закарлюкин)

1:6 - 52:40 - Курепанов (Воробьёв, Рыжих)

1:7 - 59:06 - Старцев ГМ

Қақпашылар: Пестов – Базарбеков

Ойын күнінің негізгі жекпе-жегінде «Торпедо» «Номадтан» басым түсті. «Көшпенділер» бұл жеңілістен кейін алғашқы төрттіктен шығып қалуы мүмкін.

«Номад» – «Торпедо» 2:4 (1:1, 1:1, 0:2)

1:0 - 01:32 - Данияр Сн. (Гатиятов, Орехов)

1:1 - 13:18 - Кузнецов (Петросян, Архипов)

2:1 - 35:17 - Преснов (Некряч)

2:2 - 39:48 - Гурин (Петросян, Тымченко)

2:3 - 40:59 - Шин (Савицкий)

2:4 - 50:51 – Дзедаев

Қақпашылар: Крамарь – Шутов

«Горняк» түзде «Сарыарқаны» жеңіп, көпшілікті таңғалдырды. Бұл матчтағы шешуші шайба екінші ойын кезеңінің ортасына қарай салынды.

«Сарыарқа» – «Горняк» 1:2 (1:1, 0:1, 0:0)

1:0 – 10:31 – Михайлов (Писарев, Безруков)

1:1 – 18:25 – Сошников (Харькин, Воронин) ГБ

1:2 – 29:00 – Горожанинов (Демьянов, Щанкин)

Қақпашылар: Бояркин – Скрынников

Оңтүстік астанадағы «Алматы» мен «Ертістің» арасындағы кездесу алаң иелерінің сенімді жеңісімен аяқталды. Павлодарлықтар қарсыластың қақпасын ала алмады. Жеңімпаздар құрамынан Нұрсұлтан Белгібаев пен Илья Серегин дубль жасады.

«Алматы» – «Ертіс» 6:0 (3:0, 1:0, 2:0)

1:0 – 01:00 – Бельгибаев (Исаев, Клемешов)

2:0 – 07:11 – Баженов (Юшков, Чемерилов)

3:0 – 12:35 – Серегин (Бутузов, Ананьин) ГБ

4:0 – 32:39 – Серегин (Бутузов, Волков)

5:0 – 45:15 – Бельгибаев (Чемерилов, Исаев) ГБ

6:0 – 54:50 – Исаев (Наместников, Клемешов)

Қақпашылар: Полуэктов (Шалманов, 46:51-60:00) – Микушин

«Құлагер» түзде «Ақтөбеден» басым түсті. Кездесудің тағдыры үшінші кезеңде шешіліп, петропавлдықтар екі нәтижелі шабуыл жасады.

«Ақтөбе» – «Құлагер» 1:3 (1:1, 0:0, 0:2)

0:1 – 09:28 – Власов (Попитич) ГБ

1:1 – 16:11 – Зинченко ГМ

1:2 – 41:14 – Исмагилов (Стасюк)

1:3 – 59:06 – Хорошев ПВ

Қақпашылар: Скрипченко – Янков