1 наурыздағы матчтардың аңдатпасы

1 naýryz
1203

Көктемнің алғашқы күнінде хоккейден Қазақстан чемпионатында бес кездесу өтеді.

(17:00) «Ертіс» өз алаңында «Алтай Торпедо» командасын қабылдайды.

(17:00) «Горняк» пен «Арлан» Рудныйда бақ сынасады.

(19:00) «Снежные Барсы» мен «Сарыарқа» Нұр-Сұлтанда ойнайды.

(19:30) Оңтүстік астанада «Алматы» «Торпедоның» жеңістер сериясын тоқтатуға тырысады.

(20:00) Ойын күнін Атырауда «Бейбарыс» пен «Құлагердің» кездесуі тұйықтайды.

Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.