ҚХФ баспасөз қызметі Pro Ligasy-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы «Алматы» өкілі Вячеслав Ананьин болды. Қорғаушы өз командасына «Снежные Барсы» командасымен түздегі ойындарда екі рет жеңіске жетуге (5:1, 3:2) көмектесті. Екі матч бойынша ол 3 (2+1) балл жинады. Бір шайба оңтүстік астаналық командаға жеңіс сыйлады.
Елордадағы екі жеңісінің арқасында Владимир Князевтің командасы турнир кестесінің сегізінші қатарына бекіді және плей-оффқа шығуға мүмкіндігі мол.