Алматы елордада жеңіске жетті. «Теміртау» екінші орынға шықты. 25 ақпандағы матчтарға шолу

25 aqpan
1250

«Алматы» «Снежные Барсы» командасын жеңіп, сегізінші орынға оралды. «Ақтөбе» «Теміртаудың» қақпасын ала алмады.

Бұл ойында екінші кезең шешуші болып, Владимир Князевтің командасы елордалық хоккейшілерді төрт рет састырды. Үш балл жинаған оңтүстік астаналық ұжым кубоктық сегіздікке оралды.

«Снежные Барсы» – «Алматы» 1:5 (0:0, 1:4, 0:1)

0:1 – 26:29 – Бутузов (Волков, Исаев)

0:2 – 30:42 – Сейфулов (Качулин, Серегин)

0:3 – 32:29 – Серегин (Качулин, Ананьин) ГБ

1:3 – 35:22 – Морожников (Шетле, Шульга)

1:4 – 37:52 – Баженов (Чемерилов, Моренец)

1:5 – 42:25 – Ананьин (Юшков, Серегин) ГБ

Қақпашылар: Павленко (Пестов, 42:25 – 60:00) – Грязнов

«Теміртау» «Ақтөбемен» бірінші кезеңде қорғаныста мығым ойнап, қарсыласқа бір де бір нәтижелі шабуыл жасауға мүмкіндік бермеді. Өз есебіне құрғақ матчты жазған голкипер Демид Еремеев бұған қоса, бір нәтижелі пас берді.

«Теміртау» - «Ақтөбе» 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)

1:0 – 08:43 – Попов (Белоцкий, Кожевников)

2:0 – 32:59 – Жорабек (Летов, Еремеев)

Қақпашылар: Еремеев – Мальгин