ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы «Арланның» өкілі Сергей Демагин болды. «Алматымен» жекпе-жекте шабуылшы 4 (2+2) балл жинап, өз командасына екі рет жеңіске жетуге (5:3 және 4:1) көмектесті. Екінші кездесуде Сергей салған шайба көкшетаулықтарға жеңіс сыйлады.
Сергей Бердниковтің командасы өз алаңындағы ойындар сессиясының қорытындысы бойынша алты ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының кубоктық раундына шығу мүмкіндігін иеленді.
Nomad
Arlan
Torpedo
Gornyak
Saryarqa