Номадтың құрғақ жеңісі, Бейбарыс Горняктан басым түсті. 23 ақпандағы матчтарға шолу

23 aqpan
1155

«Номад» өз алаңында «Ертісті» сенімді түрде жеңді. «Бейбарыс» тартысты жекпе-жекте «Горняктан» жеңісті жұлып әкетті.

Павлодарлықтар «Номадпен» кездесуде Владимир Крамарьдің қақпасын ала алмады. «Көшпенділер» болса, үш сәтті мүлт жібермеді. Дубль Андрей Яковлевке тиесілі.

«Номад» – «Ертіс» 3:0 (1:0, 2:0, 0:0)

1:0 – 09:36 – Яковлев (Пелевин, Гатиятов) ГБ

2:0 – 24:56 – Преснов (Некряч, Киселев)

3:0 – 25:55 – Яковлев (Гатиятов, Королев)

Қақпашылар: Крамарь – Микушин

«Горняк» пен «Бейбарыс» нәтижелі кездесу өткізді. Бүгін атыраулық хоккейшілер дөп түсті. Ал рудныйлықтардың плей-оффқа жетер жолы алыстап кетті.

«Горняк» - «Бейбарыс» 3:5 (2:2, 0:2, 1:1)

1:0 – 07:32 – Муравьев

1:1 – 10:00 – Кожевников (Григоркевич, Закарлюкин) ГБ

1:2 – 12:06 – Черкасов (Степаненко, Петров)

2:2 – 13:56 – Кротов (Власов, Ахметвалиев)

2:3 – 20:16 – Курепанов (Старцев, Ишмаметьев)

2:4 – 24:41 – Ананичев Ал. (Ананичев Ар., Клепко)

3:4 – 40:57 – Власов (Харькин, Кротов)

3:5 – 49:27 – Дыньков (Боровков, Черкасов) ГБ

Қақпашылар: Нечвиенко - Белоконский