22 ақпандағы матчтардың аңдатпасы

22 aqpan
1200

Хоккейден Қазақстан чемпионатының ойын аптасы үш кездесумен басталады.

(14:00) «Теміртау» «Снежные Барсы» командасымен матчтың қорытындысы бойынша сенімді түрде екінші орынға шығуға тырысады.

(17:00) «Арлан» бүгін плей-оффқа жолдама ала алады. Ол үшін көкшетаулықтар «Алматыны» жеңуі тиіс.

(17:00) «Алтай Торпедо» мен «Ақтөбе» Өскеменде екінші кездесуді өткізеді.

Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.