Ақтөбе шайба салмады, Арланның плей-оффқа өтуіне бір қадам қалды. 21 ақпандағы матчтарға шолу

21 aqpan
1221

«Теміртау» «Снежные Барсы» командасын алқымнан алды. «Алтай Торпедо» «Ақтөбеге» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. «Арлан» «Алматыдан» басым түсті.

Роман Козловтың командасы бірінші кезеңде-ақ елордалық ұжымның қақпасына үш шайба аттандырды. Әрі қарай теміртаулықтардың үстемдігі арта берді. Евгений Лызин дубль жасады.

«Теміртау» – «Снежные Барсы» 6:1 (3:0, 2:1, 1:0)

1:0 – 04:12 – Лызин (Кулиев, Кошелев)

2:0 – 11:38 – Лызин (Шинкарецкий) ГБ

3:0 – 12:41 – Кулиев (Щекин, Лызин)

3:1 – 25:56 – Евлоев (Алибек, Двуреченский)

4:1 – 27:05 – Кулиев (Щекин)

5:1 – 39:27 – Королинский (Лызин, Щекин)

6:1 – 52:49 – Колесников (Белоцкий, Шинкарецкий)

Қақпашылар: Селиверстов – Павленко (Пестов, 27:05-60:00)

«Арланның» «Алматымен» жекпе-жегіндегі бастапқы екпіні матчтың тағдырын шешті. Оңтүстік астаналық команданың есе қайтаруға бар мүмкіндігі болды. Алайда шешуші сәттерде алаң иелерінің қорғанысы мызғымады.

«Арлан» - «Алматы» 5:3 (3:2, 1:0, 1:1)

1:0 – 03:56 – Евграфов (Иванов, Демагин)

2:0 – 08:32 – Лакиза (Ермолаев, Демагин)

3:0 – 14:32 – Жиляков (Сметанин, Куваев)

3:1 – 15:46 – Бурделев (Тихомиров)

3:2 – 19:51 – Ипатов (Волков, Борисов) ГМ

4:2 – 24:09 – Маркелов (Боровиков, Шитиков)

4:3 – 45:43 – Борисов (Чемерилов, Баженов) ГБ

5:3 – 58:52 – Бердников Р. ПВ

Қақпашылар: Демидов – Полуэктов

«Алтай Торпедо» екінші ойын кезеңінде екі рет гол салып, «Ақтөбемен» кездесуді құрғақ жеңіске жеткізді. Жекпе-жектің басты қаһарманы өскемендіктердің голкипері Владислав Нурек болды.

«Алтай Торпедо» - «Ақтөбе» 2:0 (0:0, 2:0, 0:0)

1:0 – 37:19 – Скуматов (Колобов, Джангазинов)

2:0 – 38:20 – Белохонов (Богданов, Синицын)

Қақпашылар: Нурек – Тихонов