Турдың қаһарманы – Артём Гарифулин

21 aqpan
1218

ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.

Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы «Бейбарыстың» өкілі Артём Гарифулин болды. Шабуылшы түздегі ойында өз командасына екі рет «Номадты» жеңуге (5:3 және 4:0) және плей-оффқа шығуға көмектесті.

Осы жекпе-жекте Артём 4 (3+1) балл жинады. Бірінші ойында ол бос қақпаға шайбалардың бірін салып, дубль жасады. Екінші кездесуде жеңіс сыйлаған шайба оның есебіне жазылды. Екі кездесу бойынша пайдалылық көрсеткіші (+5) құрады.