Сарыарқа мен Бейбарыс алты ұпайдан жинады. 20 ақпандағы матчтарға шолу

20 aqpan
1150

«Бейбарыс» «Номадқа» қарсы ойында құрғақ жеңіске жетті. «Сарыарқа» «Ертісті» екінші рет жеңді.

Екінші кездесуде көшпенділер қарымта қайтара алмады. Артем Аргоковтың ойыншылары «Номадтың» қақпасына төрт жауапсыз шайба аттандырды. Алексей Иванов 47 соққыға тойтарыс беріп, биылғы маусымдағы алғашқы «құрғақ» ойынын өз есебіне жазды.

«Номад» – «Бейбарыс» 0:4 (0:1, 0:2, 0:1)

0:1 – 10:19 – Гарифулин (Закарлюкин, Кожевников)

0:2 – 27:05 – Кожевников (Закарлюкин, Гевель)

0:3 – 31:00 – Кожевников (Закарлюкин, Гарифулин)

0:4 – 58:09 – Боровков (Васильев) ГМ ПВ

Қақпашылар: Крамарь – Иванов

Қарағандыдағы екінші матч бірінші кездесудің желісімен өтті. Матчтың ортаңғы кезеңінде павлодарлықтар есеп бойынша алда келе жатты, алайда «Сарыарқа» қонақтардың арынын басып, Владимир Клинганың ойыншыларын ойсырата жеңді. Үшінші кезең аса тартысты өтіп, командалар бірігіп, бес шайба салды. Қарағандылақтар турнир кестесінің екінші қатарына бекіді.

«Сарыарқа» - «Ертіс» 7:3 (1:0, 2:2, 4:1)

1:0 – 15:29 – Голоднюк (Сиксна, Ибрагимов)

1:1 – 25:01 – Асуханов (Макуцкий, Атаханов)

1:2 – 27:02 – Билимбаев (Шетле) ГМ

2:2 – 31:53 – Рахманов ГМ

3:2 – 37:16 – Зеленков (Желнеровский)

4:2 – 45:20 – Потапов (Аноховский, Рахманов)

5:2 – 46:33 – Аноховский (Шишов, Никулин)

6:2 – 52:18 – Рахманов (Потапов, Аноховский)

7:2 – 55:26 – Никулин (Анохин)

7:3 – 57:50 – Билимбаев (Машинец, Шетле)

Қақпашылар: Синькевич (Ибрагимов 10:43 – 60:00) - Микушин