20 ақпандағы матчтардың аңдатпасы

20 aqpan
1148

Сенбі күні қазақстандық хоккейсүйер қауым Pro Ligasy аясында екі матчты тамашалай алады.

(17:00) Нұр-Сұлтанда «Номад» «Бейбарыстан» қарымта қайтаруға тырысады.

(20:00) «Сарыарқа» «Ертіспен» кезекті кездесудің қорытындысы бойынша екінші қатарда бекуге мүмкіндік алады.

Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.