Бейбарыс пен Сарыарқаның жеңісі. 19 ақпандағы матчтарға шолу

19 aqpan
1049

«Бейбарыс» «Номадқа» қарсы ойында жеңіске жетті. «Сарыарқа» «Ертісті» сенімді түрде жеңді.

«Бейбарыс» елордада «Номадты» жеңіп, қатарынан үшінші рет жеңіске жетті. Атыраулықтар құрамынан Артём Гарифулин дубль жасады. Көшпенділерден Егор Петухов екі рет көзге түсті.

«Номад» - «Бейбарыс» 3:5 (0:2, 2:1, 1:2)

0:1 – 03:31 – Старцев (Воробьев, Курепанов) ГБ

0:2 – 11:31 – Гарифулин (Григоркевич, Кожевников)

1:2 – 24:07 – Петухов (Шестаков, Муратов)

2:2 – 31:13 – Петухов (Клещенко, Шестаков)

2:3 – 33:55 – Васильев (Ананичев Ал., Ананичев Ар.) ГМ

2:4 – 40:33 – Курепанов (Воробьев)

3:4 – 49:51 – Орехов (Зубов) ГБ

3:5 – 58:43 – Гарифулин (Кожевников, Григоркевич) ПВ

Қақпашылар: Каратаев (Амирбеков, 33:55-60:00) – Иванов

«Сарыарқа» үшінші кезеңді үлкен екпінмен өткізіп, «Ертіске» қарсы сенімді түрде жеңіске жетті. Павлодарлықтар құрамынан Артём Игнатенко өз есебіне екі шайба жазды. Жеңімпаздардан Дмитрий Михайлов екі рет дөп түсті. Қарағандылық ұжым турнир кестесінде екінші орынға шықты.

«Сарыарқа» - «Ертіс» 6:2 (1:1, 1:1, 4:0)

1:0 – 02:15 – Аноховский (Рахманов)

1:1 – 11:00 – Игнатенко (Шетле)

1:2 – 23:42 – Игнатенко (Билимбаев, Шетле)

2:2 – 34:04 – Голоднюк

3:2 – 44:11 – Михайлов (Зеленков)

4:2 – 44:51 – Никулин (Шохов)

5:2 – 50:49 – Воробьев (Зеленков)

6:2 – 55:00 – Михайлов (Сиксна, Горбачёв)

Қақпашылар: Ибрагимов (Синькевич, 55:00-60:00) – Микушин