PRO HOKEI LIGASY Қазақстан чемпионатының екінші ойын күні аясында бес матч өтеді.
Елордада тағы да «Номад» пен «Алтай Торпедо» кездеседі. Бұл текетірестің бірінші бөлігінде өскемендік ұжым басым түскен болатын.
«Торпедо» өз айдынында чемпионаттың ең жас командасы – «Снежные Барсы» ұжымын қабылдайды.
«Арлан» үйдегі жеңілісі үшін «Бейбарыстан» қарымта қайтаруға тырысады.
"Құлагер" мен "Ақтөбе" Петропавлда күш сынасады.
"Ертіс" пен "Алматы" Павлодарда ұпай үшін күресетін болады.