Алматының құрғақ жеңісі. 18 ақпандағы матчтарға шолу

18 aqpan
1170

«Алматы» «Ақтөбеден» қарымта қайтарды. «Құлагер» «Арланға» әрең дегенде төтеп берді. «Теміртау» мен «Торпедо» жеңімпазды негізгі уақытта анықтай алмады.

Оңтүстік астаналық ұжым қорғаныста айтарлықтай ұстамды ойнап, қақпашысы Максим Грязновқа кезекті құрғақ матчын есепке жазуға көмектесті. Әлі алда ойнайтын матчтары бар «Алматы» ақтөбеліктерден озып кетті.

«Алматы» - «Ақтөбе» 4:0 (0:0, 2:0, 2:0)

1:0 – 36:38 – Серегин (Качулин)

2:0 – 39:08 – Ипатов (Бутузов, Власкин)

3:0 – 52:41 – Бутузов (Ипатов, Щукин)

4:0 – 57:55 – Тихомиров (Бельгибаев, Бурделёв)

Қақпашылар: Грязнов – Тихонов (Мальгин, 52:41-60:00)

«Құлагер» мен «Арлан» кезекті рет тартысты ойын көрсетті. Бұл жолы петропавлдық хоккейшілердің жолы болды.

«Құлагер» - «Арлан» 4:2 (1:0, 2:1, 1:1)

1:0 – 09:03 – Власов (Волков, Вишняков)

2:0 – 22:05 – Нуриев (Ильин, Крашенинин)

2:1 – 28:42 – Сметанин (Куваев, Дастан)

3:1 – 29:27 – Стасюк (Ахметов, Исмагилов)

3:2 – 46:48 – Демагин (Раенко, Куликов) ГБ

4:2 – 57:56 – Исмагилов (Репин, Стасюк)

Қақпашылар: Янков – Румянцев

«Теміртау» мен «Торпедо» арасындағы кездесудің негізгі уақытында командалар тең түсті. Овертайм ұзаққа созылған жоқ. Никита Сироткин өскемендіктерге кезекті жеңісін сыйлады.

«Теміртау» - «Торпедо» 1:2 ОТ (0:1, 0:0, 1:0, 0:1)

0:1 – 13:46 – Гренц (Лихотников, Кузнецов)

1:1 – 45:26 – Михнин (Попов, Кулиев) ГБ

1:2 – 60:58 – Сироткин (Савицкий)

Қақпашылар: Еремеев – Шутов