Түздегі жеңістер. 17 ақпандағы матчтарға шолу

17 aqpan
1214

«Ақтобе» плей-оффқа ену үшін күресті жалғастыруда. «Арлан» «Құлагерден» жеңісті жұлып әкетті. «Торпедо» «Теміртаудың» арынын басты.

«Ақтөбе» плей-оффқа түсу үшін «Алматыға» қарсы ойында маңызды жеңіске қол жеткізді. Жеңімпаздар құрамынан Дмитрий Ковальчук дубль жасап, көзге түсті. Оңтүстік астаналық ұжым қарсыласқа ұпай саны бойынша теңесуге мүмкіндік берді, алайда Владимир Князевтің командасының әзірге ойнайтын матчтары бар.

«Алматы» - «Ақтөбе» 2:3 (1:1, 0:2, 1:0)

1:0 – 00:30 – Баженов (Чемерилов, Наместников)

1:1 – 16:31 – Киселёв (Филонов, Егоров) ГБ

1:2 – 28:59 – Потайчук (Киселёв, Филонов)

1:3 – 34:32 – Потайчук (Филонов, Киселёв)

2:3 – 57:36 – Тихомиров (Бурделёв)

Қақпашылар: Полуэктов – Тихонов

«Арлан» күрделі тартыста петропавлдық көршілерін жеңіп кетті. Үшінші кезеңнің екінші жартысында Виталий Жиляков екі рет дөп түсіп, көкшетаулықтарға жеңіс әкелді.

«Құлагер» - «Арлан» 2:4 (0:1, 1:1, 1:2)

0:1 – 07:31 – Маркелов (Шитиков, Колесников)

1:1 – 25:39 – Логинов (Первухин, Рамазанов) ГБ

1:2 – 32:50 – Бердников В. (Бердников Р., Маркелов) ГБ

2:2 – 46:59 – Ахметов ГБ

2:3 – 52:21 – Жиляков (Бердников Р., Евграфов)

2:4 – 57:51 – Жиляков (Куваев)

Қақпашылар: Янков – Румянцев

Ойын күнінің басты жекпе-жегінде өскемендіктер «Теміртаудың» арынын басты. «Торпедо» өз ұтымды сәттерін дер кезінде жүзеге асырып, өзінің жеңістер сериясын жалғады. Жеңіс әкелген шайба Артём Лихотниковке тиесілі.

«Теміртау» - «Торпедо» 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)

0:1 – 18:46 – Кучин (Гурин, Савицкий) ГБ +2

1:1 – 44:18 – Лызин (Михнин, Кошелев)

1:2 – 49:00 – Лихотников (Бекетаев, Петросян)

Қақпашылар: Селивёрстов – Сидоров