ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның ерекше көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы «Торпедо» өкілі Артём Лихотников болды. Өскемендіктердің капитаны үшін бұл кезең өте қарқынды өтті. Алдымен Олег Болякиннің ұжымы өз алаңында «Сарыарқаны» екі рет жеңді (4:2 және 5:2). Бірінші ойында Лихотников екі рет пас беріп, Parimatch 2021 Kazakhstan Hockey Open халықаралық турнирінде өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасының шебіне аттанды. Нұр-Сұлтанда өткен бұл жарыстар аясында шабуылшы екі кездесу өткізіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
Әрі қарай торпедолықтар елордада «Снежные Барсы» командасына қарсы ойында екі рет жеңіске жетті (6:1 және 8:1). Артём бұл жекпе-жекте 3 (2+1) ұпай жинап, өз командасына Pro Ligasy тұрақты чемпионатын мерзімінен бұрын жеңуге көмектесті.