Торпедо тұрақты чемпионатты жеңіп алды. 14 ақпандағы матчтарға шолу

14 aqpan
1295

Өскемендіктер елордада екінші матчта да жеңіске жетіп, тұрақты чемпионаттың нәтижесі бойынша бірінші орынды иеленді. «Құлагер» «Ертісті» тағы да ойсырата жеңді.

«Снежными Барсы» және «Торпедо» арасындағы кездесудің бірінші кезеңінде екеуі тең түсті. Алайда әрі қарай қонақтардың тәжірибесі байқалып, олар ірі жеңіске жетті. Бұл жетістіктен кейін Олег Болякиннің ұжымы ресми түрде ағымдағы ProLigasy чемпионатын жеңіп алды.

«Снежные Барсы» - «Торпедо» 1:8 (1:1, 0:4, 0:3)

1:0 – 15:10 – Кайыржан (Морожников)

1:1 – 18:08 – Дзедаев (Ершов В.) ГМ

1:2 – 20:40 – Виноградов (Сироткин, Кузнецов) ГБ

1:3 – 25:32 – Михайлов (Ершов В., Дзедаев)

1:4 – 31:51 – Хоменко (Конев)

1:5 – 33:27 – Тымченко (Угольников, Михайлов)

1:6 – 44:22 – Хоменко (Угольников)

1:7 – 47:29 – Шин (Меньщиков)

1:8 – 49:23 – Архипов (Конев, Бекетаев)

Қақпашылар: Павленко (Пестов, 33:27 – 60:00) – Ершов М.

«Құлагер» «Ертіспен» матчта ұтымды сәттерді пайдалануда ұқыптылық танытып, павлодарлықтардың қақпасын жеті рет алды. Петропавлдық команда осы жеңістен кейін турнир кестесінің алтыншы қатарына шықты.

«Құлагер» - «Ертіс» 7:1 (1:1, 2:0, 4:0)

1:0 – 00:27 – Нуриев

1:1 – 03:20 – Асуханов (Макуцкий)

2:1 – 31:46 – Логинов (Попитич, Первухин) ГБ

3:1 – 35:24 – Крашенинин (Хорошев, Логинов)

4:1 – 45:23 – Логинов (Первухин, Попитич)

5:1 – 46:46 – Ахметов (Стасюк)

6:1 – 58:49 – Первухин (Хорошев, Попитич)

7:1 – 59:40 – Стасюк (Ахметов, Исмагилов)

Қақпашылар: Янков – Микушин (Забродин, 45:23 – 60:00)