Марлен Бейсебаев алғашқы матчтардың көрсетілімінде орын алған техникалық ақауларға қатысты түсініктеме берді

19 qazan
1521

Қазақстандық хоккей федерациясының маркетинг және PR бойынша директоры Марлен Бейсебаев PRO HOKEI LIGASY-ның алғашқы матчарының көрсетілімінде орын алған техникалық ақауларға қатысты түсініктеме берді.

- Бірінші кезекте Лига атынан PRO HOKEI LIGASY Қазақстан Чемпионаты матчтарының алғашқы кезеңдерінде оқыс оқиға орын алғаны үшін кешірім сұраймын. Салдарынан YouTube платформасындағы көрсетілімдер араласып кетті, бұл жанкүйерлерді шатастырды. Екінше кезеңге қарай біздің ұжым түйткілді шешті. Әрбір аренадағы көрсетілім лектері екі стримингтік платформа – YouTube пен Sportrecs-ке кетеді, соңғысында ақау орын алған жоқ.

Бұл біздің көрсетілімдер бойынша алғашқы ауқымды жобамыз, болашақта ТВ-ға көрсетілімдер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Және бір орында тұрмай, интернет-платформаларымызды ары қарай да дамыта береміз. Жақын уақытта көрсетілімдер кемінде төрт камерадан жасалып, қайталаулар, графика және аудиторияның барлық сұранысына жауап беретін сапалы көрініске қажеттінің бәрі болады. Жанкүйерлердің көпшілігінің түсіністікпен қарағаны жанды жадыратады. Тағы да айтам, өзіміз көздеген сапа стандартына жетуге бізге аз ғана уақыт қажет.
Техникалық ақау үшін тағы да кешірім өтінемін. Уақытша аренаға табан тигізе алмай отырған қалың жанкүйер 2020/2021 маусымның басталуын тағатсыздана күткенін түсінеміз, сондықтан әрбір жанкүйер сапалы өнімге қол жеткізуі үшін барымызды саламыз.