«Торпедо» «Снежные Барсы» командасын алқымнан алды. «Құлагер» «Ертісті» тізе бүктірді. «Теміртау» «Горняктан» жеңісті жұлып әкетті.
Өскемендіктер «Снежные Барсы» командасымен матчта кім жеңімпаз атанатынын бірінші кезеңде-ақ байқатты. Әрі қарай қонақтардың үстемдігі арта түсті. Жеңімпаздар құрамынан Артём Лихотников пен Игорь Левицкий дубль жасады.
«Снежные Барсы» - «Торпедо» 1:6 (0:3, 1:2, 0:1)
0:1 – 02:33 – Виноградов (Сироткин, Лихотников)
0:2 – 06:10 – Худяков (Петросян) ГБ
0:3 – 18:55 – Лихотников (Архипов, Худяков)
0:4 – 28:56 – Левицкий (Дзедаев, Ершов В.)
1:4 – 31:14 – Сайко (Макеев, Верещагин)
1:5 – 37:04 – Лихотников (Гренц, Угольников) ГМ
1:6 – 44:07 – Левицкий (Дзедаев)
Қақпашылар: Павленко – Сидоров (Ершов М., 20:00-60:00)
«Құлагер» екінші кезеңді нәтижелі өткізіп, «Ертіспен» матчта үш ұпай иеленді. Петропавлдықтар құрамынан Денис Стасюк дубль жасады. Павлодарлықтардан қос шайбаны Данияр Білімбаев өз есебіне жазды.
«Құлагер» - «Ертіс» 5:2 (1:1, 3:1, 1:0)
1:0 – 09:21 – Исмагилов (Ахметов)
1:1 – 11:33 – Билимбаев (Шетле) ГБ
2:1 – 24:17 – Власов (Шерстюков, Вишняков) ГБ
3:1 – 29:45 – Хорошев (Первухин, Попитич)
4:1 – 31:45 – Стасюк (Ахметов, Репин)
4:2 – 35:40 – Билимбаев (Шетле)
5:2 – 51:48 – Стасюк (Ахметов) ГБ
Қақпашылар: Янков – Микушин
«Теміртау» үшінші кезеңде «Горнякпен» матчтың барысын өзгертіп, жеңісті жұлып әкетті. Қарсыласты Евгений Лызин екі рет састырды. Осы жеңілістен кейін рудныйлықтардың Кубоктық сегіздікке енуі қиындап кетті.
«Горняк» - «Теміртау» 2:4 (2:0, 0:1, 0:3)
1:0 – 09:13 – Хрипков (Кротов, Башлаев)
2:0 – 15:31 – Демьянов
2:1 – 34:27 – Кулиев (Штайгер, Лызин) ГБ
2:2 – 47:55 – Лызин (Кулиев, Кошелев)
2:3 – 50:15 – Лызин (Кулиев, Кошелев)
2:4 – 51:51 – Михнин (Галыгин)
Қақпашылар: Нечвиенко – Еремеев