Торпедо тағы да Сарыарқадан басым түсті, Павлодардағы буллиттер. 10 ақпандағы матчтарға шолу

10 aqpan
1440

«Сарыарка» Өскеменде ұпай жинай алмады. «Ақтөбе» «Арланнан» қарымта қайтарды. «Номад» «Алматыдан» басым түсті. «Ертіс» өзінің жеңілістер сериясын тоқтатып, «Құлагерге» есе жіберді. «Алтай Торпедо» Атыраудан ұпайсыз қайтты.

«Торпедо» екінші кезеңді сәтті ойнап, «Сарыарқаны» екінші қайтара жеңді. Өскемендіктер чемпионатта бірінші болып 100 ұпайдан асыра жинады.

«Торпедо» - «Сарыарқа» 5:2 (1:0, 4:1, 0:1)

1:0 – 19:24 – Конев

2:0 – 27:28 – Виноградов (Меньщиков, Кузнецов)

2:1 – 30:22 – Беляев (Чеботов, Желнеровский)

3:1 – 32:26 – Худяков (Петросян)

4:1 – 39:52 – Архипов (Худяков, Петросян)

5:1 – 39:59 – Виноградов (Гурин, Меньщиков)

5:2 – 47:17 – Потапов (Аноховский, Рахматов)

Қақпашылар: Сидоров – Ибрагимов

«Арлан» «Ақтөбемен» матчтың бірінші кезеңінде-ақ есеп ашты. Алайда ары қарай тек алаң иелері салып, сенімді түрде қарымта қайтарды.

«Ақтөбе» - «Арлан» 4:1 (0:1, 2:0, 2:0)

0:1 – 11:55 – Куликов (Бердников, Румянцев)

1:1 – 29:10 – Егоров (Митряков, Зинченко)

2:1 – 32:26 – Зинченко (Ельшанский, Скатов)

3:1 – 53:44 – Егоров (Зинченко)

4:1 – 59:03 – Потайчук (Тихонов, Киселев)

Қақпашылар: Тихонов – Румянцев

«Номад» өзінің жеңілістер сериясын тоқтатты. «Алматымен» екінші кездесуде елордалық ұжым екі рет көпшілік құраммен гол салып, жеңіске жетті. Осылайша турнир кестесінде екінші қатарға шықты.

«Алматы» - «Номад» 2:5 (1:2, 1:1, 0:2)

1:0 - 04:45 - Чемерилов (Баженов) ГМ

1:1 - 05:13 - Пархоменко (Бутенко) ГБ

1:2 - 10:11 - Мангисбаев (Некряч, Шайхмедденов)

1:3 - 23:33 - Гатиятов (Комаровский) ГБ

2:3 - 27:03 - Наместников (Бурделёв)

2:4 - 47:55 - Ибрайбеков (Муратов)

2:5 - 59:19 - Ибрайбеков (Зубов) ГМ

Қақпашылар: Грязнов – Крамарь

Павлодарлықтар көптен күткен голсыз ойындар сериясын тоқтатты, алайда «Құлагермен» екінші кездесуде «Ертіс» жеңіске жете алмады. Кездесу буллиттер сериясында аяқталып, Петропавлдық ұжым дөп түсті.

«Ертіс» - «Құлагер» 2:3 Б (1:0, 1:1, 0:1, 0:0, 0:1)

1:0 – 15:16 – Асуханов (Атаханов) ГБ

1:1 – 23:28 – Нуриев (Ильин, Пашков)

2:1 – 31:08 – Атахонов (Макуцкий, Шлычков)

2:2 – 41:23 – Стасюк

2:3 – 65:00 - Волков ПБ

Қақпашылар: Микушин – Янков

«Бейбарыс» «Алтай Торпедомен» өз алаңындағы жекпе-жектің нәтижесінде алты балл жинады. Екінші кездесу атыраулықтардың жеңісімен аяқталды.

«Бейбарыс» – «Алтай Торпедо» 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)

0:1 – 09:58 – Подшивалов (Дерзаев, Караваев) ГБ

1:1 – 33:06 – Кожевников (Гарифуллин, Гевель) ГМ

2:1 – 45:01 – Рыжий (Клепко, Старцев)

3:1 – 45:57 – Закарлюкин (Гарифуллин, Кожевников)

4:1 – 50:46 – Воробьев (Ишмаметьев, Старцев)

Қақпашылар: Иванов – Нурек