Pro Ligasy клубтарының өтінімалды науқаны аяқталды

10 aqpan
1511

10 ақпан күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12-де ресми ресми түрде трансферлік терезе аяқталды. Қазақстан чемпионаты регламентінің қолданыстағы Спорт тарауының қағидаларына сәйкес, оның барысында Pro Ligasy клубтарына жаңа ойыншыларға ауысуға рұқсат етілді.

Өтінімалды кезеңдерден тыс уақытта құрамында екі қақпашы болып, біреуі жарақат алған жағдайда қосымша қақпашыға өтінім беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте жарақатты растайтын медициналық құжаттар ұсыну қажет.

Сонымен қатар, плей-офф раунды басталғанша клубтарға плей-оффқа шықпаған командалар ішінен қосымша ең көп екі хоккейшіні қосуға рұқсат етіледі.