Торпедо Сарыарқаны жеңді, Ертіс жеңіліске ұшырады. 9 ақпандағы матчтарға шолу

9 aqpan
1285

«Торпедо» «Сарыарқамен» кездесу барысын өзгертті. «Ертіс» үшінші матч қатарынан гол салмай келеді. «Алматы» «Номадты» тізе бүктірді. «Бейбарыс» «Алтай Торпедоға» қарсы ойында ірі жеңіске жетті. «Арлан» «Ақтөбемен» кездесуде үш балл жинады.

Матчтың бірінші кезеңінде қарағандылықтар үстем болып, алаң иелерін екі рет састырды. Алайда әрі қарай өскемендіктер ойын барысын өзгертіп, жеңісті жұлып әкетті.

«Торпедо» - «Сарыарқа» 4:2 (0:2, 2:0, 2:0)

0:1 – 00:40 – Голоднюк (Чеботов, Борисевич)

0:2 – 13:39 – Шохов (Зеленков, Михайлов) ГБ

1:2 – 24:53 – Шин (Стулов, Савицкий)

2:2 – 26:07 – Сироткин (Гренц, Лихотников)

3:2 – 48:25 – Кучин (Стулов, Шин) ГБ

4:2 – 59:27 – Гренц (Лихотников) ПВ

Қақпашылар: Сидоров – Бояркин

«Ертіс» «Құлагердің» қақпасын ала алмады. Петропавлдықтар өз кезегінде төрт рет нәтижелі шабуыл жасап, кезекті жеңіске қол жеткізді. Құрғақ матчты өз есебіне Андрей Янков жазды.

«Ертіс» - «Құлагер» 0:4 (0:1, 0:1, 0:2)

0:1 – 17:15 – Первухин (Попитич, Логинов)

0:2 – 28:57 – Грищенко (Ахметов, Исмагилов) ГБ

0:3 – 49:42 – Хорошев (Попитич, Первухин)

0:4 – 59:36 – Нуриев (Ильин, Крашенинин)

Қақпашылар: Микушин – Янков

«Номад» өзінің жеңілістер сериясын жалғастырды. Бүгін елордалық ұжым түзде «Алматыға» есе жіберді, ал Александр Высоцкийдің ойыншылары небәрі бір шайба салды.

«Алматы» - «Номад» 3:1 (0:1, 2:0, 1:0)

0:1 – 04:54 – Королев (Яковлев) ГБ

1:1 – 22:59 – Тихомиров (Бельгибаев, Борисов)

2:1 – 35:32 – Тихомиров (Бельгибаев)

3:1 – 54:07 – Юшков (Чемерилов, Баженов)

Қақпашылар: Полуэктов – Крамарь

«Бейбарыс» «Алтай Торпедоны» ойсырата жеңді. Әсіресе, кездесудің үшінші бөлігі аса нәтижелі болды, оның барысында атыраулықтар қарсыласты төрт рет састырды.

«Бейбарыс» – «Алтай Торпедо» 7:2 (2:0, 1:1, 4:1)

1:0 – 05:41 – Кожевников (Закарлюкин, Гарифуллин)

2:0 – 09:17 – Кожевников (Закарлюкин, Григоркевич)

2:1 – 26:48 – Хоменко (Нурек А., Подшивалов)

3:1 – 29:36 – Ананичев Ар. (Севостьянов, Ананичев Ал.)

4:1 – 40:25 – Старцев (Курепанов, Воробьев)

5:1 – 41:12 – Гарифуллин (Черкасов)

5:2 – 47:23 – Ивашин (Каиров, Хоменко) ГБ

6:2 – 52:54 – Боровков (Гевель, Черкасов)

7:2 – 59:05 – Гарифуллин (Закарлюкин) ГБ

Қақпашылар: Иванов – Осокин

«Арлан» «Ақтөбенің» арынын басып, өзінің батыстағы сапарының аясында қатарынан үшінші рет жеңіске жетті. Бұл матчтың нәтижелі іс-қимылдары үшінші кезеңде орын алды.

«Ақтөбе» – «Арлан» 2:4 (1:0, 0:2, 1:2)

1:0 – 16:55 – Марушев (Скворцов)

1:1 – 21:26 – Демагин (Евграфов)

1:2 – 21:41 – Бердников Р. (Иванов, Раенко)

2:2 – 42:37 – Зинченко (Егоров)

2:3 – 55:59 – Маркелов (Боровиков, Бердников В.)

2:4 – 58:22 – Маркелов (Шитиков, Бердников В.)

Қақпашылар: Мальгин – Румянцев