35 шайба және соңғы секундқа дейінгі шиеленіс. 19 қазандағы матчтарға шолу

19 qazan
1269

«Номад» пен «Алтай Торпедо» арасындағы күнтізбе бойынша №1 матчта командалар жеңімпазды тек буллиттер сериясында анықтай алды. Өскемендіктер қоржындағы екі шайбамен үшінші кезеңнің ортасына тәп-тәуір басымдылықпен жетті. Дегенмен, «Номад» ұпай айырмашылығын жойып қана қоймай, финалдық ысқырыққа бес секунд қалғанда ойынды овертаймға айналдыра білді. Нәтижесінде, буллиттер сериясына жеткенде, қонақтар дәлірек түсті. Жеңіс сыйлаған шайба «Алтай Торпедо» капитаны Максим Худяковқа тиесілі.

Айтып өтетін жайт, бұл матчта чемпионаттың да алғашқы шайбасы салынды. Оның авторы «Номад» капитаны Мадияр Ибрайбеков атанды.

"Номад" (Нұр-Сұлтан) – "Алтай-Торпедо" (Өскемен) 4:5 Б (2:1, 0:1, 2:2, 0:0, 0:1)

1:0 - Ибрайбеков (Муратов, Полохов) - 01:51 ГБ

1:1 - Колобов (Худяков, Синицын) - 06:42

2:1 - Пархоменко (Зубов) - 13:34

2:2 - Белохонов (Бабушкин) - 23:24

2:3 - Хоменко (Дзедаев, Дерзаев) - 42:02 ГБ

2:4 - Скуматов (Хоменко, Дерзаев) - 45:27

3:4 - Евдокимов (Мусоров, Орехов) - 48:17 ГБ

4:4 - Орехов - 59:55

4:5 - Худяков - 65:00 Б

Қақпашылар: Каратаев - Нурек В.

"Снежные Барсы" ойын күнінің басты сенсациясына айнала жаздады. Үшінші кезеңнің аяқталуына бес минуттан астам уақыт қалғанда торпедолықтар үш шайбамен алда келе жатқан. Алайда елордалық ұжымның орындауындағы екі нәтижелі шабуыл бұл кездесуді тартысты етті. Дегенмен, тәжірибесі молдау өскемендіктер жеңіс тұғырынан көріне алды.

"Торпедо" (Өскемен) – "Снежные Барсы" (Нұр-Сұлтан) 4:3 (1:0, 2:1, 1:1)

1:0 - Угольников (Ершов В.) - 14:35

1:1 - Гусейнов - 20:32 ГБ

2:1 - Лихотников (Титов, Юксеев) - 20:53

3:1 - Шин (Титов, Михайлов) - 36:59

4:1 - Савицкий (Гурин) - 49:02 ГБ

4:2 - Диханбек (Ищенко, Колодюк) - 54:54

4:3 - Сайко (Гусейнов) - 55:44

Қақпашылар: Сидоров – Калмыков

«Арлан» мен «Бейбарыс» сияқты қос мықтының матчында камбэк орын ала жаздады. Үш шайба айырмашылығымен артта қалып келе жатқан «Көкшеліктер» соңғы минуттарда қарымта қайтарды. Дегенмен, шешуші сәттерде Қазақстанның қазіргі чемпионының қорғанысы міз бақпады.

"Арлан" (Көкшетау) – "Бейбарыс" (Атырау) 4:5 (2:1, 0:3, 2:1)

1:0 - Гуляков (Куваев) - 06:13

1:1 - Воробьёв (Рыжих) - 15:18

2:1 - Власкин (Евграфов) - 16:03

2:2 - Старцев - 27:56

2:3 - Петров - 29:05

2:4 - Бакика (Степаненко) - 33:06

2:5 - Серёгин (Ананичев Ар., Гевель) - 45:38 ГБ

3:5 - Евграфов (Киселёв) - 55:19

4:5 - Боровков (Шмурыгин, Власкин) - 58:45

Қақпашылар: Демидов – Севидов

«Ертіс» «Алматымен» қақтығыста жеңісті жұлып әкетті. Тағы да қорытынды есепте айырмашылық бір-ақ шайбада болды.

"Ертіс" (Павлодар) – "Алматы" 3:2 (1:1, 1:0, 1:1)

1:0 - Жиляков - (Гурьев, Милюков) 07:31

1:1 - Бельгибаев (Буяльский) - 15:18 ГБ

2:1 - Шетле (Макуцкий, Игнатенко) - 30:40 ГБ

3:1 - Самойлов (Гурьев, Милюков) - 51:29

3:2 - Ипатов (Наместников) - 57:36

Қақпашылар: Полошков – Полуэктов

«Құлагер» мен «Ақтөбе» арасындағы ойын негізгі уақыт шеңберінен шығып кетті. Өз қоржындарына қонақтар екі ұпай салды – ақтөбеліктер буллиттер сериясында дөп түсті.

"Құлагер" Петропавл – "Ақтөбе" 2:3 Б (1:1, 0:1. 1:0, 0:0, 0:1)

0-1 Филонов (Митряков, Жилин) - 11:40

1-1 Первухин (Хорошев, Попитич) - 17:50

1-2 Филонов (Митряков, Жилин) - 35:12 ГБ

2-2 Попитич (Логинов, Первухин) - 48:18

2-3 Жилин - 65:00 ПБ

Қақпашылар: Хозяшев - Мальгин