9 ақпандағы матчтардың аңдатпасы

9 aqpan
1184

Хоккейден Қазақстан чемпионаты аясында бүгінгі сейсенбі тартысқа толы болмақ.

(13:00) Өскемендегі негізгі жекпе-жекте жақында аяқталған ҚР Кубогының финалистері «Торпедо» мен «Сарыарқа» кездеседі.

(17:00) «Ертіс» өз алаңында «Құлагерді» қабылдайды.

(19:00) Көшбасшы үштіктен шығып қалған елордалық «Номад» Алматыда қонақтайды.

(20:00) Атырауда «Бейбарыс» пен «Алтай Торпедо» тартысады.

(20:00) «Арлан» елдің батысындағы сапарын жалғастырады. Бүгін көкшетаулықтар «Ақтөбемен» жолығады.

Барлық матчтардың тікелей көрсетілімдерін сайтымыздан тамашалауға болады. Оларды ресурстың жоғарғы бөлігінде ойындар тізбегінен таба аласыздар.