«Теміртау» минималды есеппен «Горнякты» жеңіп, турнир кестесінде үшінші орынға шықты.
«Теміртау» мен «Горняк» бірігіп, 70 айып минутын алды. Ал шабуылдар аса сәтті болған жоқ. Ойын тағдырын аз құраммен салынған жалғыз шайба шешті. Оның авторы – Антон Кошелев. Кездесудің қаһарманы ретінде барлық соққыларға тойтарыс берген «Теміртаудың» қақпашысы Демид Еремеевті атауға болады.
«Теміртау» - «Горняк» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)
1:0 – 18:17 – Кошелев (Лызин) ГМ
Қақпашылар: Еремеев - Нечвиенко