Parimatch — Qazaqstan Hockey Open 2021 QAZSPORT эфирінде

8 aqpan
1583

QAZSPORT телеарнасы «Parimatch — Qazaqstan Hockey Open 2021» халықаралық турнирінің барлық матчтарын көрсетеді.

Елдің басты спорт арнасы 10 және 13 ақпан аралығында «Барыс Аренада» өтетін турнир ойындарының аңдатпасын көрсете бастады. Айтып өтетін жайт, QAZSPORT телеарнасындағы телевизиялық көрсетілімдерден басқа, барлық матчтарды ligasy.kz сайтынан тамашалауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Parimatch — Qazaqstan Hockey Open 2021» турниріне Ресей, Беларусь, Қазақстан құрамалары, сонымен қатар Қазақстан-2 командасы қатысады.

Бас серіктес — «Самұрык Қазына» ҰӘҚ АҚ.

Ресми серіктес — ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті

Титулдық демеуші — «Parimatch» букмекерлік компаниясы.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен.