ҚХФ баспасөз қызметі PRO HOKEI LIGASY-ның көзге түскен ойыншылары туралы жарияланымдар топтамасын жалғастырады.
Өткен ойын кезеңінің үздік ойыншысы «Арланның» өкілі Станислав Боровиков болды. «Бейбарысқа» қарсы өткен матчтарда қорғаушы өз командасының екі рет жеңіске жетуіне көмектесті (овертаймда 5:4 және 5:1).
Осы жекпе-жектің аясында Станислав 4 (1+3) балл жинады. Бірінші ойында ол қарсыластың қақпасын бес рет алған кезде мұз үстінде болды, ал оның жалғыз шайбасы командасын жеңіске жеткізді. Екі ойынның қорытындысы бойынша Боровиковтың пайдалылық көрсеткіші (+5) болды.
Атырауда жинаған бес балдың арқасында көкшетаулықтар «Бейбарысты» ұпай саны бойынша қуып жетіп, қосымша көрсеткіштер бойынша турнир кестесінде тіпті артта қалдырды. Қазір Сергей Бердниковтың командасы бесінші қатарда.