Сарыарқа екінші орынға шықты. 6 ақпандағы матчтарға шолу

6 aqpan
1222

«Құлагер» Өскеменде ұпай жинамады. «Сарыарқа» тағы да «Ертісті» ойсырата жеңді. «Арлан» «Бейбарыстан» басым түсті. «Ақтөбе» «Алтай Торпедоға» қарсы матчта құрғақ жеңіске жетті.

«Құлагер» «Торпедоның» қақпасын ашып, үшінші кезеңнің ортасында тіпті есеп бойынша алда келе жатты. Алайда үшінші кезеңде алаң иелері есеп теңестіріп қана қоймай, негізгі уақыт аясында жеңісті жұлып әкетті.

«Торпедо» - «Құлагер» 3:2 (0:1, 1:0, 2:1)

0:1 - 08:46 - Вишняков (Шерстюков)

1:1 - 20:36 - Стулов (Лихотников, Сироткин)

1:2 - 50:10 - Власов

2:2 - 51:47 - Дзедаев (Левицкий)

3:2 - 53:45 - Угольников (Стулов, Савицкий)

Қақпашылар: Шутов – Янков

«Ертіс» пен «Сарыарқа» арасындағы ойында павлодарлықтар ойсырай жеңілді. Олар қонақтың қақпасын ала алмай, «Сарыарқа» турнир кестесінде екінші орынға шықты.

«Ертіс» - «Сарыарқа» 0:6 (0:2, 0:1, 0:3)

0:1 - 09:22 - Голоднюк (Шохов)

0:2 - 17:07 - Аноховский (Рахманов, Ибрагимов)

0:3 - 33:26 - Голоднюк (Чеботов, Борисевич)

0:4 - 41:38 - Грымзин (Чеботов) ГБ

0:5 - 42:33 - Никулин (Чапоров)

0:6 - 58:43 - Борисевич (Голоднюк) ГМ

Қақпашылар: Микушин - Ибрагимов

«Арлан» «Бейбарыспен» екінші ойында сенімді түрде жеңіске жетті. Көкшетаулықтар матч бойы ойынды өз бақылауында ұстап, алаң иелері бір шайбадан артық сала алмады.

«Бейбарыс» - «Арлан» 1:5 (0:1, 0:2, 1:2)

0:1 - 06:48 - Демагин (Гребенщиков) ГБ

0:2 - 27:30 - Куваев (Волгин, Жиляков)

0:3 - 27:52 - Ермолаев (Демагин)

1:3 - 41:14 - Боровков (Петров, Дыньков) ГБ

1:4 - 42:52 - Бердников В. (Шитиков)

1:5 - 55:37 - Волгин (Бердников Р.)

Қақпашылар: Белоконский - Румянцев

«Ақтөбе» бірінші кезеңде екпінді ойын көрсетіп, 20 минуттан аз уақыт ішінде төрт нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Бір қызығы, қалған уақытта командалардың ешбірі есепті өзгерте алмады.

«Ақтөбе» - «Алтай Торпедо» 4:0 (4:0, 0:0, 0:0)

1:0 - 07:48 - Киселев (Потайчук, Кутугин) ГБ

2:0 - 12:28 - Зубковский (Филонов, Скворцов) ГБ

3:0 - 16:52 - Зинченко (Егоров)

4:0 - 19:38 - Скатов (Зинченко)

Қақпашылар: Тихонов – Нурек (Осокин, 17:45 – 60:00)