Торпедо мен Сарыарқа жеңіске жетті. 5 ақпандағы матчтарға шолу

5 aqpan
1321

«Бейбарыс» пен «Арлан» арасындағы ойында жеңімпазды анықтау үшін негізгі уақыт жетпей қалды. Ақтөбедегі тартыс «Алтай Торпедоның» жеңісімен аяқталды.

«Құлагер» бірінші матчта «Торпедоның» қақпасын ала алмады. Өскемендіктер екі рет көпшілік құраммен гол салып, қорғаныста нық ойнады. Осылайша кезекті жеңіске қол жеткізді.

«Торпедо» - «Құлагер» 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)

1:0 – 13:34 – Гренц (Петросян, Сироткин) ГБ

2:0 – 23:37 – Лихотников (Сироткин, Гренц) ГБ

Қақпашылар: Сидоров – Янков

«Сарыарқа» «Ертісті» алқымнан алды. Павлодардағы кездесуде қонақтар алты шайба салып, алаң иелері есе қайтара алмады.

«Ертіс» - «Сарыарқа» 0:6 (0:2, 0:4, 0:0)

0:1 – 11:37 – Потапов (Шохов, Аноховский)

0:2 – 13:14 – Безруков (Чапоров)

0:3 – 22:47 – Евдокимов (Чапоров, Безруков)

0:4 – 25:53 – Потапов

0:5 – 32:20 – Голоднюк (Грымзин, Борисевич)

0:6 – 39:35 – Сиксна (Никулин, Михайлов) ГБ

Қақпашылар: Микушин – Бояркин

«Бейбарыс» пен «Арлан» жеңімпазды негізгі уақытта анықтай алмады. Нәтижесінде, овертаймда көкшетаулық ұжым басым түсіп, үшінші рет қатарынан жеңіске жетті.

«Бейбарыс» - «Арлан» 4:5 ОТ (1:2, 2:1, 1:1, 0:1)

0:1– 07:59 – Раенко (Бердников Р., Боровиков)

1:1 – 11:20 – Гарифуллин ГБ

1:2– 14:58 – Маркелов (Шитиков, Бердников В.) ГБ

2:2 – 25:34 – Старцев (Воробьев)

2:3 – 28:56 – Сметанин (Боровиков, Бердников В.)

3:3 – 31:18 – Ишмаметьев (Ананичев Ал., Курепанов)

4:3 – 42:53 – Гарифуллин (Закарлюкин, Кожевников) ГБ

4:4 – 52:26 – Ермолаев (Боровиков, Демагин)

4:5 – 63:11 – Боровиков (Куваев, Раенко)

Қақпашылар: Иванов – Демидов

«Алтай Торпедо» «Ақтөбемен» матчта бірнеше рет алға кетіп отырды. Алайда әрбір салынған шайбадан кейін алаң иелері есе қайтарумен болды. Финалдық ысқырық естілгенде қос команда тең түсті. Қосымша бес минуттың аяқталуына 10-ақ секунд қалғанда өскемендіктер дегеніне жетті.

«Ақтөбе» - «Алтай Торпедо» 4:5 ОТ (1:2, 2:1, 1:1, 0:1)

0:1– 12:39 – Богданов (Каиров, Караваев)

1:1– 14:55 – Киселев ГМ

1:2– 15:49 – Колобов (Скуматов)

2:2 – 20:16 – Скатов (Зинченко, Егоров)

2:3 – 29:37 – Колобов (Дерзаев)

3:3 – 31:52 – Егоров (Скатов)

3:4 – 49:17 – Хоменко (Гавриленко, Караваев) ГБ

4:4 – 52:49 – Потайчук (Киселев) ГБ

4:5 – 64:50 – Караваев ШБ

Қақпашылар: Мальгин - Нурек