Ойын күнінің жалғыз матчында тағы да рудныйлық ұжым жеңіске жетті.
«Горняк» бірінші кезеңде-ақ екі нәтижелі шабуыл жасап, матчтың ары қарайғы барысын анықтады. Бұл ретте үш шайбаның екеуін қонақтар көпшілік құраммен салды. Дубль Данил Москалёвке тиесілі.
«Снежные Барсы» - «Горняк» 1:3 (0:2, 1:1, 0:0)
0:1 - 05:18 - Москалёв (Щанкин, Козорез)
0:2 - 19:28 - Кротов (Власов, Воронин) ГБ
0:3 - 28:57 - Москалёв (Ахметвалиев, Щанкин) ГБ
1:3 - 30:31 - Мангисбаев
Қақпашылар: Павленко, (Пестов, 20:00-60:00) – Нечвиенко