Снежные Барсы тағы да Горнякқа есе жіберді. 4 ақпандағы матчтарға шолу

4 aqpan
1169

Ойын күнінің жалғыз матчында тағы да рудныйлық ұжым жеңіске жетті.

«Горняк» бірінші кезеңде-ақ екі нәтижелі шабуыл жасап, матчтың ары қарайғы барысын анықтады. Бұл ретте үш шайбаның екеуін қонақтар көпшілік құраммен салды. Дубль Данил Москалёвке тиесілі.

«Снежные Барсы» - «Горняк» 1:3 (0:2, 1:1, 0:0)

0:1 - 05:18 - Москалёв (Щанкин, Козорез)

0:2 - 19:28 - Кротов (Власов, Воронин) ГБ

0:3 - 28:57 - Москалёв (Ахметвалиев, Щанкин) ГБ

1:3 - 30:31 - Мангисбаев

Қақпашылар: Павленко, (Пестов, 20:00-60:00) – Нечвиенко