Елордалық «Номад» 2026 жылғы Құрлықтық кубоктің екінші кезеңіндегі өнерін «Херлев Иглз» командасына қарсы матчпен аяқтайды.
Екі команда да турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алып үлгерді. Алайда D тобының жеңімпазы дәл осы өзара кездесуде анықталады.
Херлев қаласының «қырандары» Дания чемпионатында өнер көрсетеді. Қазіргі таңда команда 17 матчта 20 ұпай жинап, турнирлік кестеде жетінші орында тұр. Статистикалық көрсеткіштер бойынша көшбасшылары – Виктор Кубарс (7+11), Маттиас Асперуп (5+11) және Йозеф Йонссон (6+9). Биылғы маусымда команданың негізгі қақпашысы міндетін швециялық Александер Хеллнемо атқарып жүр. Оның сенімділік коэффициенті 2,51-ді, ал қайтарған соққыларының үлесі 89,8%-ды құрайды.
Азиагода өтіп жатқан турнирде «Херлев» топ қожайындарын (5:2) және «Коронаны» (2:1) жеңді. «Номад» та осы қарсыластарын тиісінше 3:2 және 5:2 есебімен ұтып, 6 ұпай жинады.
«Номад» – «Херлев Иглз» матчы сағат 20:30-да басталады.
Матчтың негізгі оқиғаларын мәтіндік трансляция арқылы осы жерден aбақылауға болады.
Фото – «Азиаго» ХК
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Torpedo
Arlan
Nomad
Saryarqa
Qulager