2026 жылғы Құрлықтық кубоктегі екінші матчында «Номад» Румынияның Брашов қаласынан келген «Корона» командасымен кездесті.
Екінші кезеңдегі қарқынды ойынның арқасында «көшпенділер» 5:2 есебімен сенімді жеңіске жетіп, D тобындағы көшбасшылық орнын нығайтты. Номиналды алаң иелері сапында Абзал Әлібек, Даниил Цыбин, Никита Ситников, Кирилл Панюков және Александр Мигунов мергендік есептерін толықтырды. Мәди Диханбек үш нәтижелі пас берді. Владислав Нурек 28 соққыны қайтарды.
Ертең Константин Пушкарёвтің шәкірттері екінші кезеңдегі соңғы матчын өткізеді. Қарсылас – Данияның «Херлев Иглз» командасы. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 20:30-да басталады.
«Номад» - «Корона Брашов» 5:2 (1:1, 3:1, 1:0)
1:0 – 07:02 – Алибек (Шульга, Муратов)
1:1 – 15:05 – Велш (Хааранен, Валчар)
2:1 – 22:31 – Цыбин (Диханбек, Тусупбеков)
3:1 – 27:02 – Ситников (Диханбек, Бойко)
4:1 – 31:03 – Панюков (Мерзликин)
4:2 – 33:18 – Макаули (Хааранен, Валчар) ГБ
5:2 – 44:27 – Мигунов (Диханбек, Мангисбаев)
Қақпашылар: Нурек – Адорьян
Фото – «Азиаго» ХК
ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.
Torpedo
Arlan
Nomad
Saryarqa
Qulager