Құлагердің қатарынан үшінші жеңісі, Горняктың құрғақ есеппен есе қайтаруы

14 qarasha
145

Алматы мен Атырауда өткен Pro Ligasy матчтарына шолу жасаймыз.

«Құлагер» сырт алаңда «Алматыны» тағы да жеңіп, қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Қонақтар сапында Батыр Марқабаев дубль авторы атанды. Оңтүстік астаналық команда соңғы сегіз матчтың жетеуінде жеңіліс тапқанымен, әзірге плей-офф аймағындағы орнын сақтап тұр.

«Алматы» - «Құлагер» 2:4 (1:1, 0:1, 1:2)

1:0 - 19:21 - Петрасюк

1:1 - 19:47 - Воробьёв

1:2 - 38:53 - Марқабаев (Борисов, Мұқанов)

2:2 - 45:19 - Яковлев (Фокин, Рымарев)

2:3 - 54:17 - Сайко (Штефан)

2:4 - 59:58 - Марқабаев ПВ

Қақпашылар: Шпилев - Дубинскас

«Горняк» «Бейбарыстан» құрғақ есеппен есе қайтарды. Рудныйлықтарға жеңіс әкелген шайбаларды сан басымдығын сәтті пайдаланған Оскар Юлбарисов пен Кирилл Канкин соқты. Қонақтар қақпашысы Тимур Мейдер 38 соққыны қайтарды. Сергей Невструевтің командасы үшін бұл чемпионаттағы 15-ші жеңіс болды.

«Бейбарыс» - «Горняк» 0:2 (0:1, 0:0, 0:1)

0:1 - 09:35 - Юлбарисов (Стулов, Шингареев) ГБ

0:2 - 54:14 - Канкин (Катков, Ляпунов)

Қақпашылар: Шефер - Мейдер


ВКонтакте, Инстаграм < Бізге қосылып, Pro Hokei Ligasy жаңалықтарын өзіңізге ыңғайлы платформалардан оқыңыз.